Енді саяжайдағы өрт қауіпсіздігі сақталмаса 78 мың теңге айыппұл төлеуе тура келеді - ТЖМ жіті бақылауға көшті

Сурет: pexels
Еліміздегі жер телімдерінде құрғақ шөп пен от жағуға тыйым салынды. Бұл үшін айыппұл – 78 мың теңге, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дегенмен, бұл тыйымның кәуәп пісіруге қатысы жоқ. Кәуәпті тек арнайы арналған мангалдарда және ғимараттардан кем дегенде 10 метр қашықтықта ғана пісіруге рұқсат. Мұнымен қоса, жақын маңда өрт сөндіргіш болуы міндетті.

Алайда, бұл жаңалық бағбандарды аса қуанта қоймады. Оған себеп, жаңа заң бойынша көктемгі жұмыстар – құрғақ шөпті жағу кезіндегі барлық әрекеттер заң бұзушылық болып саналады.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл тыйым өрттердің жиілеп кетуіне байланысты енгізілген. Бақша кооперативтерінде от жылдам тарап, көрші үйлерге де ауысады.

Бұл ауқымды өрттерге әкеледі. Өз кезегінде бағбандар айыппұл мен тыйымдар орнына ымыралы шешімдерді іздеуді ұсынды, өйткені зейнеткерлер үшін 78 мың теңге – өте үлкен сома.

Сол себепті құтқарушылар шөпті түтін шығатын темір бөшкелерде жағуды ұсынды, сондай-ақ қасында су немесе өрт сөндіргіш болуы қажет екенін ескертті.

Бұған дейін Талдықорғанда өртеніп жатқан моншадан 11 адам эвакуацияланғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды