ІІМ: Қазақстанда құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіру әрекеті тоқтатылды

Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Бас прокуратураның үйлестіруімен Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында алтын құрамды материалдарды заңсыз өндіру және өңдеумен айналысқан бес кәсіпорынның қызметін тоқтатты.

Тексеру барысында бұл компаниялардың тек геологиялық барлау жүргізуге лицензиялары бола тұра, арнайы техника мен өндірістік жабдықтарды пайдалана отырып, алтын құрамды кенді кең көлемде заңсыз өндіргені анықталды.​

Жүргізілген тінту шаралары барысында 6 700 тоннадан астам алтын құрамды кен, 300 тонна сұйық кен (пульпа), 120 тонна селитра, сондай-ақ жарылғыш заттар мен детонаторлар тәркіленді.

Сонымен қатар оқиға орындарынан 45 бірлік арнайы техника алынды.​ Полицияға 62 адам, оның ішінде бірнеше ЖШС директорлары мен құрылтайшылары жеткізілді.​

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша құрамында бағалы металдар бар шикізаттың заңсыз айналымы фактілері бойынша бес қылмыстық іс тіркелді.

Мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірілгені анықталды, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді