Ақтөбе облысындағы 11 медициналық мекеме қандай қаражатқа салынбақ

Фото: akorda.kz
Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 25 сәуірде ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жобалары жүзеге асырылуда.

"Қаражат 11 нысанның: медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысына бағытталды",- делінген ақпаратта.

2025 жылы Ақтөбе облысының келесі аудандарында фельдшерлік-акушерлік пункттер салынады:

Сондай-ақ медициналық пункттер:

Дәрігерлік амбулаториялар:

Сурет: primeminister.kz

Сурет: primeminister.kz

"Медициналық мекемелердің барлығы тәулігіне 25-45 келушіге қызмет көрсетуге есептелген, бұл жергілікті тұрғындар үшін сапалы медициналық қызметтің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді",- деп жазды Үкімет.

Бұған дейін Петропавлда 115 теңгелік картоптың қоймаларда шіріп жатқандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді