"25 жыл бұрын": Ақтау құтқарушылары өндірістегі жарылыстың алдын алды

Сурет: unsplash
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Хайрушев Ақтаудың 25 жылдан астам уақыт бұрын жер бетінен жойылып кету қаупі болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қажымұрат Хайрушев қызмет барысындағы ең қиын төтенше жағдайлардың бірі туралы Lada.kz тілшісіне айтып берді.

ТЖД-ның бұрынғы басшысы ұсынған ресми құжаттарда бірнеше жыл бұрын "АК КАСКОР" АҚ-ына тиесілі химия-кен-металлургия зауытында 11 тонна қауіпті сұйық фторлы сутегі бар 17 бөшке сақталғаны көрсетілген. Егер осы бөшкелердің герметизациясы бұзылған жағдайда, 20 шақырым радиустағы аумақ толықтай жойылуы мүмкін еді.

Сурет: Lada.kz

"Фторлы сутегі — күшті уытты әрі жарылыс қаупі жоғары химиялық зат. Ол кезде бұл затты шұғыл түрде залалсыздандыру қажет болды, себебі ауа температурасының көтерілуіне байланысты ыдыстың герметикалығы бұзылып, салдарынаан төтенше жағдай туындауы мүмкін еді", – деп мәлімдеді Қажымұрат Хайрушев.

Құтқарушылар мәселені зауыт аумағында жедел түрде шешу туралы шешім қабылдады: олар үлкен бетонды бассейнді су мен кальциленген сода ерітіндісімен толтырды. Осы ерітіндіге қауіпті зат толтырылған бөшкелер салынып, ыдыстар ашылған кезде ерітінді фторлы сутегіні бейтараптандырды.

Құтқарушылардың үйлесімді әрі кәсіби әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкіндік туды.

Бұған дейін Алматыда дүкен өртеніп, қызыл жалын сол маңдағы қонақ үй мен банкті шарпи жаздағаны жайлы жазған болатынбыз.

Ақтау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды