Қапшағай су қоймасы екінші жыл қатарынан 100% толды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы екінші жыл қатарынан 100 пайызға толды. Қазіргі уақытта су қоймасында шамамен 18,5 миллиард текше метр су бар. Бұл қуанышты жаңалықты Zakon.kz сайтына Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, былтыр су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толған болатын.

Су қоймасының толуы облыстағы Ақдала және Шеңгелді суармалы алқаптарын сумен толықтай қамтуға мүмкіндік береді.

Қапшағай су қоймасы Іле өзенінің су ағынын реттеп отырады. Жыл басынан бері су қоймасынан Балқаш көліне 3,8 млрд текше метр су жіберілді. Ал былтыр осы кезеңде бұл көлем 2,9 млрд текше метр болған еді.

Судың мол берілуінің арқасында бір жылдың ішінде Балқаш көлінің деңгейі 12 сантиметрге көтеріліп, Балтық жүйесі бойынша 341,52 метрден 341,64 метрге жетті. Ал көлдегі су көлемі 2 млрд текше метрге ұлғайды.

"Су ресурстары және ирригация министрлігі трансшекаралық өзендерге, соның ішінде Іле өзеніне қатысты мәселелер бойынша қытайлық әріптестерімен тұрақты байланыста. Бірлескен жұмыстың арқасында қатарынан екінші жыл бойы Алматы облысының диқандары суармалы сумен толық қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен қатар Балқаш көлі бассейніндегі экологиялық жағдай да жақсарып келеді", – деді Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының басшысы Серік Мейрамбеков.

Алматы облысының танымал туристік орны – Қапшағай су қоймасының төңірегінде көптеген әңгімелер бар.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды