Алматы көлік қаңқасын қалыптастыру: қалада екі BRT желісінің құрылысы жүріп жатыр

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Алматыда көлік инфрақұрылымын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың 2025 жылы 1-30 сәуір аралығындағы есебінде айтылды.

2025 жылы 23 сәуірде Райымбек даңғылы бойымен ұзындығы 17 км болатын BRT желісінің құрылысы басталды. Ал 2025 жылы 26 сәуірде Желтоқсан көшесі арқылы Райымбек даңғылына дейін ұзындығы 4,6 км болатын қосымша желінің құрылысы қолға алынды. Бұл ретте "қасбеттен қасбетке дейін" принципі бойынша көше толық көркейтілді.

Қазіргі таңда инженерлік желілерді қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жол қозғалысын уақытша қайта ұйымдастыру сызбасы дайындалып, әлеуметтік желілер мен "Almaty Joly" телеграм арнасы арқылы хабарланып отыр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?