Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек тізімі жаңартылды

Фото: Zakon.kz
ДСМ 2025 жылғы 19 мамырдағы бұйрығымен ҚР азаматтарының жекелеген санаттарын жекелеген аурулары бойынша тегін және жеңілдетілген амбулаторлық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында науқастарға берілетін дәрілік заттардың тізімдері жаңартылды.

Атап айтқанда, жаңа басылымда келесі ауруларға арналған препараттардың тізімі берілген:

Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары

Динамикалық бақылаудағы барлық санаттар үшін:

Опиоидты агонистермен демеуші ем жүргізетін емделушілер үшін – Метадон, пероральді ерітінді.

Артериялық гипертензия 2-4 қауіп дәрежесі

Динамикалық бақылаудағы барлық санаттар:

Негізгі терапия тиімсіз болса – Моксонидин, таблетка.

Артериялық гипертензия 2-4 қауіп дәрежесі

Динамикалық бақылаудағы балалар:

Негізгі терапия тиімсіз болса – Моксонидин, таблетка.

Бұйрық 2025 жылғы 4 маусымда күшіне енеді.

Бұған дейін Қазақстанда 100 жұмыс күні ішінде дәрілік заттарды тіркеудің пилоттық жобасы бар екенін хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған