Даун синдромы бар суретші қыз бен оның ұстазы Алматыда көрме ұйымдастырды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
20 жастағы Айша Бақтығұлова мен танымал суретші Арыстанбек Шалбаев Алматыда инклюзивті өнер көрмесін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаға дайындық бір жылға созылды. "КТК" телеарнасының ақпаратынша, осы уақыт ішінде ұстаз бен оның шәкірті 60-тан астам туынды жазып үлгерген.

Айша сурет салуды шебермен кездеспей тұрып-ақ бастаған, бірақ соңғы бірнеше жылда оның дарыны ерекше ашыла түскен. Қыздың анасының айтуынша, Айшаның шығармашылық дамуына коронавирус пандемиясы әсер еткен.

"Пандемия кезінде, бәріміз үйде отырдық, сол кезде, Айша аз сөйлейтін, бірақ керісінше, сурет салуға көбірек уақыт бөлді. Менің ойымша, сурет салу — оның негізгі қарым-қатынас тіліне айналды", – дейді суретшінің анасы Әлия Сандыбай.

Даун синдромы бар жас суретші үшін бұл — алғашқы жеке көрмесі.

Бұған дейін Астанада тәжірибелі алаяқтың қолына кісен салынғаны хабарланған болатын. 

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты