Астанада құрылысы бітпеген тұрғын үй кешені су астында қалды - министрлік түсініктеме берді

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 27 мамырда өткен Үкіметтегі брифинг барысында Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Астанадағы "ЖаңаАрқа" тұрғын үй кешенін су басу жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер құрылысы аяқталмаған тұрғын үй кешенінің ендігі жағдайы қандай болмақ екенін сұрады. Айта кетсек, аталған нысанда су жиналып, екінші қабатқа дейін жеткен.

"Бұл нысанның құрылысшысы – BBC Gold компаниясы. Құрылыс жұмыстары тоқтатылған. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Үлескерлер өз тараптарынан тұтыну кооперативін (ЖСК) құрған. Қазір осы нысанды зардап шеккен үлескерлердің меншігіне беру мәселесі қарастырылуда. Бұл жағдай бізге жақсы таныс. Еліміз бойынша 42 проблемалық құрылыс нысаны бар, олардың әрқайсысы біздің бақылауымызда. Мұндай мәселелер орын алған жағдайда, барлығын құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып шешетін боламыз", – деді Ерсайын Нағаспаев.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері Астанада және еліміздің өзге қалаларында салынып жатқан тұрғын үй кешендеріне жаппай аудит немесе тексеріс жүргізіле ме деген сұрақ қойды.

"Әрбір тұрғын үй нысаны жеке бақылауда. Біздің жүйеде бейберекетсіздікке орын жоқ. Егер құрылыс жүргізуге лицензия берілсе, бұл компанияның тиісті процедуралардан өткенін білдіреді. Егер тұрғын үй кешені құрылысының өрескел бұзушылықтармен салынып жатқаны дәлелденсе, міндетті түрде тиісті шаралар қолданамыз", – деп толықтырды министр Ерсайын Нағаспаев.

Бұған дейін тозығы жеткен инженерлік желілердің көп бөлігі қай аймақтарда орналасқанын жазған болатынбыз. 

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады

Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды

Олжас Бектенов Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша референдумда дауыс берді