Елордада 1 маусымда өтетін Astana Half Marathon кезінде кейбір көшелер жабылады

Сурет: gov.kz
Елордада 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде төртінші рет Astana Half Marathon өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, биыл жарысқа 30-дан астам елден 8 000 адам қатысады.

"Жартылай марафон кезінде қаланың бірқатар көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Көлік қозғалысына қойылған шектеулер көп ұзамай кезең-кезеңімен алынады", делінген хабарламада.

Жүгіру бағыты Тәуелсіздік алаңынан басталып, "Арқар" және Сығанақ-Мәңгілік Ел көпірлері арқылы өтеді. Қатысушылар "Ақорда", Есіл жағалауы, "Бәйтерек", Abu Dhabi Plaza және EXPO нысандарының жанынан жүгіріп өтеді.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Көлік қозғалысына қойылған шектеулер кезең-кезеңімен алынып, сағат 10:00-де толық қалпына келтіріледі.

Автокөлікпен старт алаңына жету үшін ұсынылған бағыттар:

"Жолдарда кептеліс болуы мүмкін, сондықтан қатысушыларға Тәуелсіздік алаңына автобуспен келу ұсынылады – жақын маңдағы аялдамаларға дейін. Айта кету керек, Тәуелсіздік алаңындағы старт қалашығы маңында көлік тұрағы болмайды. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жолда өзгерістерді ескере отырып, бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет", делінген әкімдік хабарламасында.

Бұған

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады