Атырауда "Қорғау-Сергек" жүйесі ірі құқық бұзушылықтарды әшкереледі

Фото: Zakon.kz
Атырау қаласында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында "Қорғау-Сергек" интеллектуалды жүйесі тұрақты түрде қолданысқа енгізілген.

Бұл заманауи жүйе патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел басқару орталығының үйлесімді жұмысы арқылы іске асуда.

Аталған жүйе арқылы көлік құралдарын автоматты түрде бақылау барысында жол қозғалысы ережелерін елемей, жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан бірқатар жүргізушілер анықталды.

Мәселен, Атырау–Доссор бағытында тоқтатылған Toyota Camry көлігінің жүргізушісінің жолда бірнеше мәрте ереже бұзғаны белгілі болды. Ал Ахмедияров көшесінде тоқтатылған ВАЗ-2115 автокөлігін тізгіндеген азамат та жол қозғалысы талаптарын сақтамай, тәртіпке қайшы әрекеттер жасаған.

Азаттық даңғылында Mercedes көлігінің жүргізушісі тарапынан оннан астам құқықбұзушылық тіркеліп, тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмады. Қазіргі таңда аталған көліктер айып тұрағына қойылып, жүргізушілердің әрекеттеріне қатысты заңды баға берілуде.

"Қорғау-Сергек" – қаланың қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін сақтау бағытында тиімді нәтиже беріп отырған құрал. Осы ретте полиция қызметкерлері барлық жүргізушілерді заң талаптарын сақтап, жол ережесіне салмақпен қарауға шақырады. Қоғамдық қауіпсіздік – әрбір азаматтың жауапкершілігін талап ететін ортақ іс.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті