Елордада автокөлік салонынан ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Астана қаласында автокөлік салонынан мүлік ұрлаған күдікті жедел іздестіру шаралары нәтижесінде қолға түсті.

Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. 30 жастағы қала тұрғыны таңертең көлігіне оралғанда салонына біреудің заңсыз кіргенін байқап, дереу полицияға жүгінген. Қылмыс түнгі уақытта жасалып, оқиға орнында куәгерлер болмаған.

Соған қарамастан, Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-қимыл танытып, күдіктіні қысқа мерзімде анықтады.

Ол — 22 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай, Mercedes автокөлігі көпқабатты үйдің ауласында тұрған.

Күдікті түнде бірнеше көліктің есігін тексеріп, құлыпталмаған көлікті тауып, ішіне кіріп, салонынан кілт жасауға арналған арнайы құрылғыны жасырын алып кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 300 мың теңгені құрады.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Айғақты зат тәркіленіп, іске тіркелді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Полиция департаменті қала тұрғындарына жеке мүліктің сақталуына мұқият болуды, автокөліктерін құлыптап, бағалы заттарды салонда қалдырмауды ескертеді. Қырағылық — қауіпсіздіктің басты кепілі.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды