Дархан Сатыбалды: Құрылысқа рұқсат беру кезінде инфрақұрылымға түсетін салмақ ескерілуге тиіс

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында Алмалы ауданына барып, ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Бағдарлама аясында Жамбыл, Шәріпов, Шевченко және Досмұхамедов көшелерінің аумағындағы 15 ескі үйден 78 отбасы көшірілді. Бұл жерде 7 көпқабатты тұрғын үй салынды, тағы бір үйдің іргетасы қазылып жатыр.

Соның нәтижесінде бұл ауданда тұратын тұрғындар саны айтарлықтай өсті. Қазір мұнда шамамен 600 отбасы тұрады, бұл қолданыстағы инфрақұрылымға қосымша салмақ салып отыр.

Жаңарту жобасымен танысқаннан кейін Дархан Сатыбалды инженерлік инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарға түсетін салмақты есептеу туралы тапсырма берді.

"Ең әуелі құрылысқа рұқсат берген кезде инженерлік желілер мен жол инфрақұрылымына түсетін салмақты ескеруіміз қажет. Өйткені тұрғындар саны артқан сайын бұл жүктеме де көбейеді. Ал әлеуметтік нысандардың құрылысы басты басымдықта болуға тиіс", – деді Алматы әкімі.
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды