Түркістан облысында қуаңшылықтан 49 мың гектардан астам бидай алқабы күйіп кетті

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Түркістан облысының бірқатар аудандарында биылғы көктем жауын-шашынсыз болып, жердің ырыздығын ортайтып тастады.

Қуаңшылықтан 300-ден астам шаруашылықтың күзде сепкен бидайы қарыс сүйемнен әрі өсе алмай, масақ комбайнға да ілікпей қалды. Өңірде егін орағы басталғанымен қамбаға құйылып жатқан астық жылдағыдан бірнеше есе аз.

Шаруалар шарасыздықтан егістікті ормаған күйі тастап кетіп жатыр. Өйткені комбайнның шығыны шаш етектен. Ал 1 гектардан жиналып жатқан астық небәрі 200 килограммға жетер жетпес. Оның өзі жетілмей, семіп қалған дәндер, деп жазады qazaqstan.tv.

Биылғы егін орағына 1 жарым мыңнан астам техника сайланған. Арзымайтын дәнді жиып алу үшін егістіктің арғы шеті мен бергі басына салқылдап барып, қайтып жүрген техникалар да жиі бұзылады екен.

Астық өсірушілер қауымдастығы шаруалардың басындағы осы қиын жағдайды көктемнен бері айтып, дабыл қағып келеді.

"Биыл шаруалар 100 пайыз банкрот болды. Енді күзге қарай тұқым жағынан көмектесіп, несиені тоқтатпаса шаруалар енді бидай егеді деп айта алмаймын. Өйткені бидайдың бәрі пұш болып қалған." Мұхтар Бимат "Арпа, бидай ас екен" қауымдастығының төрағасы

Шарулардың жанайқайынан соң өңірде жұмыс тобы құрылып, олар 49 мың гектардай егіс алқабы оруға келмей тұрып күйіп кеткенін анықтаған.

"Несиелердің қайтару мерзімін шегеру және "Қазагроқаржы" АҚ арқылы 5 пайызбен техниканы лизингке алған. Аталған шаруалар тізімі нақтыланып, қазіргі таңда ҚР ауылшаруашылығы министрлігімен тиісті шаралар жүргізілуде." Ақтөре Түймебек, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы

Ауыл шаруашылығы министрілігі өкілдері табиғаттың қолайсыз жағдайынан шығынға ұшыраған шаруаларға барынша қолдау көрсетілетін айтты.

Биыл түстіктің шаруалары 200 мың гектардан астам жерге күздік бидай сепкен. Бұл былтырғыдан 3 мың гектарға көп.

Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды