Алматыда BRT жобасына байланысты Желтоқсан көшесі жабылады

Сурет: Zakon.kz
Желтоқсан көшесінде BRT жобасын жүзеге асыру аясында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 шілде күні сағат 08:00-ден 22:00-ге Гоголь көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейінгі жолда көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл аумақты Наурызбай батыр көшесі мен Абылай хан даңғылы арқылы айналып өтуге болады.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған тақта қойылады.

"Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Қозғалысқа шектеу қою жөніндегі толық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде және 2GIS және "Яндекс карталарында" жарияланған", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды