Батыс Қазақстанда киік санын реттеу басталды

Фото: wikimedia/Yakov Fedorov
Елімізде киік санын реттеу басталды. Бұл іспен "Охотзоопром" мекемесі айналысады. Батыс Қазақстан облысында 4 жұмыс бригадасы іске кірісті. Олардың құрамында 30 шақты адам бар.

Қыркүйектің 1-іне дейін киіктің тек текелері атып алынады. Ал қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін киіктің ешкілері де "корал" әдісімен, яғни тормен ауланады.

Былтырғы санақ бойынша өңірде 2,3 миллион киік бар. Соның 20 %-ын атып аулауға рұқсат етілді, деп жазады qazaqstan.tv.

Батыс Қазақстандағы Орал және Орталық Қазақстандағы Бетпақдала популяцияларында киік санын реттеу жұмысы басталды. Орал популяциясында 460 мың бас киік, ал Бетпақдалада 290 мың бас киік алынады. 1.18 атып-аулауға мамандандырылған бригадалар шығады Ішкі істер министрлігінен. Мадияр Имашев, "Охотзоопром" РМҚК аңшылық шаруашылық бөлімінің басшысы

Өңірде киік етін өндіруге 6 ет өңдеу кәсіпорны дайын отыр. Ең ірісі – Оралдағы Кублей зауыты. Қалғандары Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Бәйтерек аудандарында орналасқан. Киік еті нарыққа тұтастай және қалбырдағы өңделген өнім түрінде шығарылады. Ал Батыс Қазақстан агро-техникалық университетінің жас ғалымдары киік етінен шұжық жасап көрді. Әзірге тәжірибе түрінде дайындалған өнімге 30% қаз-үйрек еті де қосылған. Шикізат оқу орнының тәлімбағынан алынған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты