Астаналық полиция Sergek камераларының жұмыс істемейтіні туралы қауесеттерге жауап берді

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 2 шілдеде "Атамекен" ҰКП кулуарларында Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекция бөлімінің аға инспекторы Мақсат Имашов қалада Sergek камералары жұмыс істемей тұр деген қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мақсат Имашовтың айтуынша, Астанада Sergek камераларынан бөлек, жедел әрекет ету орталығының да көптеген бағдарламалық кешендері орнатылған.

"Күн сайын полиция қызметкерлері жүргізушілердің тәртібін бақылап отырады. Атап айтқанда, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолдану және қауіпсіздік белдігін жүргізуші мен жолаушының тағуы қадағаланады. Sergek камералары да жұмыс істеп тұр. Олардың функциялары күннен-күнге кеңейіп келеді. Қазіргі уақытта көлік жүргізу кезінде телефон қолдануды автоматты түрде тіркейтін жүйені тестілік режимде енгізу жоспарланып отыр. Бұл – жүргізушінің телефон ұстап отырғанын анықтап, жауапкершілікке тарту үшін қажет", – деді ол.

Айта кетейік, 2025 жылғы 27 маусымда Sergek камералары орнатылған дрондар Астана көшелерінде патрульдеуді бастайтыны хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі