Алматыда бұрынғы вице-министрлер мен несие бюросының басшысы ұсталды: жүздеген мың доллар тәркіленді

Сурет: primeminister.kz/Facebook/Руслан Омаров/Dasco Group
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде пара алды және берді деген күдікпен "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ мен "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаментінің 3 шілдеде берген мәліметінше, тергеу барысында "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС басшылығы қаржы ұйымдарының сұраныстарын өңдеуге қажетті ақпараттық қызметтер көрсету кезінде өз мүдделерін өткізу мақсатында "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басшылығына жүйелі түрде заңсыз сыйақылар бергені анықталды.

2025 жылғы 28 маусымда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында кезекті 75 мың АҚШ доллары көлеміндегі пара беру кезінде ұсталғандар:

Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту барысында 370 мың АҚШ доллары және 4,5 млн теңге көлемінде ақша қаражаты тәркіленді.

2025 жылғы 30 маусымда сот санкциясымен А.Сарбасовқа, Р. Омаровқа және Д.Арғандыковқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі