Павлодардан 40 шақырым жерде үш адам көз жұмды

Сурет: Zakon.kz
Павлодардан қырық шақырым жерде үш адам көз жұмды. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 шілдеде Көктөбе ауылының маңында, Павлодардан 37 шақырым жерде екі автокөлік соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты.

"Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Жергілікті жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады департамент.

Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін, әсіресе көлік көп жүретін жерлерде қатаң сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салды.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында 5 шілде күні Kia Sedona көлігі жол апатына ұшырап, салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған едік.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін