Оңтүстіктен солтүстікке: мыңдаған қазақстандықтар мамандар қажет жерге көшіп жатыр

Фото: freepik
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕӘҚМ) қызықты ақпаратпен бөлісуді жалғастыруда. Биыл 2025 жылдың басынан бері 2 мыңнан астам адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ерікті қоныс аудару шеңберінде жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 2 202 адам, оның ішінде 1 091 қандас және 1 111 қоныс аударушы көшіп келді. Барлық қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Осы жылдың соңына дейін 9 653 адамды көшіру жоспарлануда.

Өңірлер бойынша:

Қоныстану аймақтарына көшкен қандастарымыз негізінен Өзбекстаннан – 396 адам, Моңғолиядан – 310 адам, ҚХР – 286 адам, Ресейден – 52 адам, басқа елдерден – 47 адам келген.

Еңбекке қабілетті жастағы 790 адам келгендердің ішінен тұрақты жұмыс орындарына 374 адам жұмысқа орналастырылды, 10 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады.

Қоныс аударушылар мен кандастар денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру, өнеркәсіп және т.б. салалар бойынша жұмысқа орналасты.

Қоныс аударудың өміріндегі оң өзгеріс болғанын атап өткен Тамара Айнаддинованың ізгілікке толы оқиғасы – сөзімізге дәйек.

"Мен Жамбыл облысынан Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылына сонау 2022 жылы көшіп келдім. Қоныс аударуға арналған облыстық квотаға енгізілгеннен кейін көшіп-қону үшін қаржылай көмек, сондай-ақ тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерге жұмсалған шығындарды өтеу үшін субсидиялар түрінде мемлекеттік қолдауға ие болдым", – деді ол.

Тамара Айнаддинова М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Жаңа тұрғылықты жеріне келгеннен кейін Кеңес Одағының Батыры И.М. Бережной атындағы Келлер орта мектебіне мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. Қазір баласына күтім жасау үшін декреттік демалыста.

"Көшуге шешім қабылдағанымызға, қоныс аударушыларға жұмыс тауып беруге көмектесетін, алғашқы қаржылық көмек көрсететін мемлекеттен бағдарлама барына өте қуаныштымын. Мен осы жерде отбасын құрдым", – дейді кейіпкеріміз.

Естеріңізге сала кетейік, ерікті қоныс аудару аясында қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары ұсынылады:

Бұдан басқа, өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі.

Шымкент
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты