Астанада ата-аналарды алдап соққан азамат анықталды

Фото: Zakon.kz
Астана қаласында 39 жастағы күдікті өзін би үйірмесінің ұйымдастырушысы ретінде таныстырып, балаларды "Мен де жұлдыз боламын" бағдарламасына қатыстыруға және шетелге жарысқа апаратынын айтып, бірнеше ата-ананы алдаған.

Қазіргі уақытта Нұра аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні ұстады. Оның алаяқтық жолмен жасалған 9 эпизодқа қатысы бары анықталды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында, әйелдің ата-аналардың сеніміне кіріп, олардың балаларына үлкен сахна мен халықаралық деңгейдегі жетістік уәде еткені белгілі болды.

Осы мақсатпен ол түрлі шығындарды (дайындық, жол ақысы, құжат рәсімдеу, қатысу жарналары) сылтауратып, ақша алған.

Уәде етілген іс-шаралар жүзеге аспаған соң, ата-аналар полицияға жүгінген. Полиция азаматтарға бейтаныс адамдардың уәделеріне сақтықпен қарап, ресми құжаттарсыз ешқандай ақша аудармауға кеңес береді.

Күмәнді жағдай туындаған кезде дереу полицияға хабарласу қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты