СҚО-да саяжайда ұсталған есірткі таратушыға сот үкімі шықты

Фото: Zakon.kz
Биылғы жылдың басында облыстық прокуратураның үйлестіруімен полицейлер Петропавл қаласының 35 жастағы тұрғынын ұстаған болатын. Ол "Труд" бау-бақша серіктестігінде синтетикалық есірткіні жасырып кету тәсілімен таратқан.

Күдікті көрсеткен жерден жедел уәкілдер 7,7 грамнан астам мефедрон салынған 8 түйіншекті тапты және тәркіледі. Тағы 16 грамнан астам есірткі күдіктінің өзінен және автокөлігінен табылды.

Кейін ер адам тағылған айыптың бір бөлігінен жалтаруға тырысты. Ол соңғы сәтте ойын өзгертіп, есірткіні жеке тұтыну үшін жасырған орыннан қайта жинамақ болғанын мәлімдеді.

Алайда тергеу материалдары бұл уәжді жоққа шығарды. Сот-медициналық сараптама оның өзге есірткі заттарын пайдаланатынын анықтады.

Сот үкімімен петропавлдық азамат кінәлі деп танылып, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты