Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментін кім басқаратыны белгілі болды

Сурет: gov.kz
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) жаңа басшысы болып Дамир Ермағамбетов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті ақпарат департаменттің сайтында пайда болды.

Дамир Ермағамбетов 1978 жылы 26 маусымда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары техникалық училищесін, 2001 жылы Қазақстан Республикасы ӘҚБК Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Құқық қорғау органдарында 1995 жылдың қыркүйегінен бері қызмет етіп келеді.Алматыға келгенге дейін Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Ерлігі мен адалдығы үшін Дамир Мақсұтұлы II-ші және I-ші дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

2025 жылдың 10 шілдесінде Нұрлан Атығаевтың Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметінен кеткені белгілі болды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстанда қандас мәртебесін немесе тұрақты тұруға рұқсат алу үшін нені білу керек

Қазақстанда корей компаниясымен спутник бөлшектерін шығаратын өндіріс хабын құру жоспарланып отыр

Димаш Құдайбергеннің әлемдік турына әр елдегі жанкүйерлері қазірден бастап дайындалып жатыр

Сирек кездесетін монета 45 мың долларға сатылды: оның ерекшелігі неде