Ақтөбе облысында мекемедегі бейнекамераны сындырған сотталғандар жауапқа тартылды

Фото: pexels
ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-ның №8 (қауіпсіздігі орташа) мекемесінде қылмыстық жазаларын өтеушілер Ж. және Д. алдын ала сөз байласқан.

Олар адамдар тобы болып, қасақана жаза өтеудің белгіленген тәртібін, мекемедегі ұстау режимін бұзу және қадағалаудан жалтару мақсатында, өздерінің іс-әрекеттері қоғамға қауіпті екендіктерін біле тұра, мемлекетке материалдық зиян келтірді. Қасақана түрде мекеме ғимаратына орнатылған 2 бейнебақылау жүйесін қасақана бұзған.

Ақтөбе қалалық №2 сотының үкімімен аталған деректер бойынша жинақталған іс-құжаттар негізінде және де мемлекеттік айыптаушының жазаны күшейту шарасы туралы ұстанымды позициясы сотта қолдау табылуына байланысты сотталған Ж. және сотталған Д. 428-1 бабының 3 бөлігімен көзделген қылмыстарды жасағандары үшін кінәлі деп танып, аталған сотталғандар тарапына жаза өтеу мерзімдері ұзартылып, жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды.

Атап айтқанда, сотталған Ж.-ға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды. Тонау бабы бойынша сотталған Д.-ға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған