Алматыда полицей дүкеннен шыққан өртті сөндірді

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласының Бостандық ауданында күндіз Тимирязев көшесінде орналасқан дүкеннің қасбетінен өрт шықты.

Оқиғаға сол кезде ауысымынан кейін үйіне қайтып келе жатқан жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Жеңіс Әбдірахманов куә болған. Ол ойланбастан көмекке ұмтылды. Оның айтуынша, ең бірінші орында – ғимаратта адамдардың жоқ екеніне көз жеткізу болды.

"Түтінді көріп, жағдайдың күрделі екенін түсіндім. Алдымен ішінде адамдардың бар-жоғын тексеріп, ешкім зардап шекпегеніне көз жеткіздім. Содан кейін жақын маңнан саты тауып, қою түтін шыққан шатыр бөлігін аштым. Астынан от ошағы анықталды. Қолда бар құралдармен жалынды сөндіріп үлгердім, кейін оқиға орнына өрт сөндірушілер келді", — деді Әбдірахманов.

Полицейдің батыл әрекетінің арқасында өрттің кеңінен таралуы мен адам шығынының алдын алу мүмкін болды. Өрт бастапқы кезеңде оқшауланды. Жеңіс Абдрахманов бұл – әрбір саналы азаматтың жасауы тиіс ісі деп есептейді.

"Мен тек дұрыс деп санаған әрекетті жасадым. Мұндай сәттерде қызметте екенің маңызды емес. Егер көмектесе алсаң, қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік болса – әрекет ету керек. Менің орнымда кез келген азамат солай істер еді деп ойлаймын", — деді ол.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

ТЖМ жер сілкінісі туралы мәлімет жариялады