ЖОО түсудің екінші мүмкіндігі: тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау қашан басталады

Фото: Национальный центр тестирования
Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) шекті балл жинай алмаған қазақстандық талапкерлерге қуанышты жаңалық айтылды. Енді олардың ақылы негізде жоғары оқу орнына түсуге екінші мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (МЖМ) хабарлады:

25 шілдеде тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталады. Өтінімдерді қабылдау 5 тамызға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10-14 тамыз аралығында өтеді.

Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Өтініш беру кезінде тест тапсырушылар ҰБТ өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

Негізгі ҰБТ-ға қатысқан талапкерлер бейіндік пәндер комбинациясын тамыз тестілеуінде өзгерте алады.

Тамыз айындағы ҰБТ-ға ағымдағы және өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, қандастар (ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар), шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері, шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға, басқа мамандықтардан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер және жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер қатыса алады.

Атап өтсек, ЖОО-да ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады. Бұл ретте оқуға қабылдауды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды