Қазақстандық жігіт WhatsApp арқылы қызбен сөйлескеннен кейін қомақты қаржысынан айырылды

Фото: pexels
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының тұрғыны "WhatsApp" мобильді қосымшасы арқылы басқа есіммен жазысып, хаттарында жігітке тұрмысқа шығатынын айтып, сеніміне әбден кірген. Жәбірленушіге келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы 382 000 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының 23 шілдедегі мәліметі бойынша, әйелге алаяқтық жасады деген айып тағылған.

Сот сотталушының әрекеттерін ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша — ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы сенімді теріс пайдалану немесе алдау жолымен бөтен мүлікті ұрлау не бөтен мүлікке құқықты иелену ретінде саралады.

Аталған баптың санкциясында 4 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстары, 1 000 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлкін тәркілеу және белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру (немесе онсыз) жазалары көзделген.

Сот отырысы барысында сотталушы мен жәбірленуші татуласты. Осыған байланысты қылмыстық іс қысқартылып, азаматша Қ. қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады