1 маусымды ресми мереке ретінде белгілеу: шешім қашан қабылданады

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 24 шілдеде үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев депутаттардың Балаларды қорғау күнін ресми демалыс күні етіп белгілеу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Асқарбек Ертаев қазіргі таңда Қазақстанда 10 мереке күні бар екенін және тізімді кеңейту бойынша кез келген ұсыныс қаралып, мемлекеттік органдармен келісілетінін атап өтті.

"1 шілдені демалыс күніне айналдыру – иә, шынымен де осындай ұсыныс жасалды. Қазір мемлекеттік органдармен, сарапшылармен талқылау жүріп жатыр. Біз бұл талқылаудың қорытындысын сіздерге жеткіземіз. Бұл талқылаулар қыркүйекке дейін аяқталады", – деп қосты ол.

2025 жылғы 14 мамырда Кенжеғұл Сейітжан Қазақстан Республикасы Парламенті төменгі палатасының жалпы отырысында 1 маусым – Балаларды қорғау күнін мемлекеттік мереке және сәйкесінше демалыс күні деп белгілеуді ұсынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады