Алматыда +39°С-қа дейінгі аптап ыстық кем дегенде 27 шілдеге дейін сақталады

Фото: Zakon.kz
Қазақстанның астанасында жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, Алматыда құрғақ ауа райы әлі де сақталуда. Шымкентте жаңбыр 27 шілдеде ғана жауады. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Zakon.kz тілшісіне еліміздің үш ірі қаласын тағы қандай тосын сый күтіп тұрғанын айтты.

Астана

25 шілде: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15-17°C, күндіз +29-31°C.

26 шілде: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Жел секундына 20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +16-18°C, күндіз +27-29°C.

27 шілде: құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, бұрқасын. Күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15-17°C, күндіз +27-29°C.

Алматы

25 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде – +20-22°C, күндіз – қатты ыстық +35-37°C.

26 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23-25°C, күндіз +37-39°C қатты ыстық.

27 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні – секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде +23-25°C, күндіз +37-39°C қатты ыстық.

Шымкент

25 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 13 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде – +22-24°C, күндіз – қатты ыстық +38-40°C.

26 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде – +23-25°C, күндіз – қатты ыстық +40-42°C.

27 шілде: құбылмалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде – 23-25°С, күндіз – 33-35°C қатты ыстық.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, 25-26 шілдеде күндіз Алматы облысының батысында, солтүстігінде өте қатты ыстық – +42°С болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды