Алматыда тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізбек болған күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесінің бақылау-өткізу пунктінде тыйым салынған затты алып өтпек болған қоғамдық қорғаушы анықталды.

ҚАЖД өзіндік қауіпсіздік тобының қызметкерлері №72 мекеме қызметкерлерімен бірлесіп Алматы облысының 31 жастағы тұрғынын анықтады.

Ол тергеу изоляторында жатқан інісіне 127 500 теңге ақша алып өтпек болған.

Күдіктінің інісі Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасы Қазақстан Респбликасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша аса ірі көлемдегі алаяқтық қылмысты жасады деген күдікпен ұстаған болатын.

Қоғамдық қорғаушының әрекеті жалпы бақылау камерасына тіркеліп, аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-тің 481-бабында көзделген әкімшілік материалдар жинақталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады