Қорғаныс министрі Алматы гарнизонын тексерді

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Алматы гарнизонына жасаған жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрі, Дәурен Қосанов "Жағалау" оқу-жаттығу орталығының инфрақұрылымымен, Десанттық-шабуылдау әскерлері әскери бөлімінің қызметімен танысып, балаларға арналған "Жас десантшы" әскери-патриоттық орталығына барды.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Алмаз Жұмакеев Қорғаныс ведомствосының басшысына Десанттық-шабуылдау әскерлерінің "Жағалау" оқу-жаттығу орталығындағы жүріп жатқан құрылыс пен жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндады.

Оның айтуынша, мұнда десанттық әскерлерге арналған бронетранспортерлер мен "Арлан" броньды машиналарының жүргізушілерін даярлау жүргізілуде.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазіргі уақытта жаңа кең асхана, штаб ғимараты, бақылау-өткізу пункті, казармаларға күрделі жөндеу жүргізу және жаңаларын салу жұмыстары жалғасуда.

Райымбек батыр атындағы 38-десанттық-шабуылдау бригадасында Қорғаныс министрі әуе-десанттық даярлық сыныбын аралап, әскери бөлімнің негізгі міндеттері туралы егжей-тегжейлі сұрап білді.

Ол парашютпен секіру және басқа да оқу-жаттығу міндеттерін орындау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға ерекше назар аударды.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

"Жас десантшы" балалар әскери-патриоттық орталығында Қорғаныс министрін орталық тәрбиеленушілері қарсы алды. Балаларға енді үйірмелер мен секцияларға бару үшін қалаға шығудың қажеті жоқ екенін айтты.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Айта кетейік, бұл дамыту орталығы өткен жылы ашылған. Көп уақытын қызметке арнайтын Алматы десантшыларының отбасыларында мектеп жасындағы 3000-нан астам бала бар. Осы балалар үшін орталықта тегін робототехника, шахмат, шешендік өнер, мобилография, хореография, сурет салу, ағылшын тілі және домбыра тарту үйірмелері жұмыс істейді.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Жұмыс сапарының соңында авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысына әскерді дамыту, жеке құрамның жауынгерлік әзірлігі мен моральдық рухын жоғары деңгейде ұстау жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды