Қызылорда облысы үкіметтен қосымша 7 млрд теңге алады

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 6 тамызда ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қызылорда облысында денсаулық сақтау саласындағы бірқатар жобаларды жүзеге асыру үшін арнайы мемлекеттік қордан 7 млрд теңге бөлінді, деп жазады Zakon.kz.

Аталған қаржы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында заңсыз шетелге шығарылған активтерді елге қайтару арқылы әлеуметтік нысандар салу жұмыстарын жалғастыру шеңберінде бөлініп отыр.

"Қаражат Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы орталық аудандық ауруханалар жанынан жаңа корпустар салуға бағытталды", – делінген ҚР Үкіметінің баспасөз хабарламасында.

Жаңа ғимараттарда инсульттік орталықтар, рентгенхирургия бөлімшелері сияқты бейінді бөлімдер ашылып, магнитті-резонанстық томография (МРТ), компьютерлік томография (КТ) және ангиографиялық қондырғылар сияқты заманауи медициналық жабдықтар орнатылады.

Бұл жобалар ауылдық жерлердегі 300 мыңнан астам тұрғынды мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарлануда.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 30 шілдеде үкімет Қызылорда облысындағы егістік алқаптарын сумен қамтамасыз етуге 1 млрд теңге бөлгені хабарланған болатын.

Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді