Министр мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланатынын айтты

Сурет: Zakon.kz/Мадина Мамырханова
2025-2026 оқу жылдарына арналған мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі ертең, яғни 7 тамыз жарияланады. Сүйінші хабарды әлеуметтік желіде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жеткізе отырып, Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай әріптестеріне челлендж жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Күні кеше ғана мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы аяқталды. Сәйкесінше, сіздер тағатсыздана күткен мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі ертең, яғни 7 тамыз жарияланатындығын қуана хабарлаймын. Сондықтан біздің ресми ақпарат көздерімізден бақылап отыруларыңызды сұраймын", - дейді министр желіге жүктеген видеода.

Яғни, мемлекеттік грант иегерлерінің тізімін ертең Ғылым және жоғары білім министрлігі, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығы сайттарынан көріп-білуге болады. 

Сондай-ақ Саясат Нұрбек биыл елімізде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аталып жатқандығын еске салды.

"Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, ғылымды сүюге, білімге құштар болуға шақырамын! Кемеңгер ойдың кемесі – Абайды тануға үндей отырып, бұл челленджді әріптестеріме, барлық талапкер мен ғылым сүйер жастарға жолдаймын!", деп сөзін түйіндейді ол.

Бұған дейін жаңа оқу жылына қанша гранттар мен квоталар бөлінгені туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есинбаева айтып берген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі