Жаңа оқу жылында оқушыларды қандай өзгерістер күтеді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 12 тамызда өткен Үкімет отырысында Оқу министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылында мектеп бағдарламасында қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 миллион оқушы білім алуда.

"Биыл бірінші сыныпқа 341 мың бала қабылданады. 11-сыныпқа 232 мың оқушы өтті. Жаңа оқу жылының ерекшелігі – жасанды интеллектті орта білім беру жүйесіне енгізу болмақ. Осыған орай "Цифрлық сауаттылық" пен "Информатика" пәндеріне жасанды интеллект құралдары кіріктіріліп, этикалық стандарттар бекітілді. 1–11-сынып оқушыларына арналған "Day of AI" онлайн курстары әзірленді, сондай-ақ мұғалімдерге арналған курстар ұйымдастырылады", – деді Ғани Бейсембаев.

Министр сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа оқу жылынан бастап "Келешек мектептері" басқару моделі іске қосылатынын атап өтті.


"Ол үшін жаңа басқару стандарты қабылданды, аккредитация стандарттары әзірленді. Үш деңгейлі курстан өткен 3 мыңнан астам педагог биылғы оқу жылында жаңа жүйеде жұмысын бастайды", – деді министр.

Бұған дейін Қазақстан мектептерінде 2025 жылы оқу жылының қашан басталатыны белгілі болған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты