Астанада екі айда 35 келіден астам есірткі тәркіленді

Сурет: Zakon.kz
Астана полицейлері 2025 жылғы 1 маусымнан бастап елордада өтіп жатқан "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасының аралық қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара барысында 195 есірткіге қатысты құқықбұзушылық әшкереленіп, заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі заты тәркіленді.

Сондай-ақ медициналық мақсатта пайдаланылмайтын тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін 80-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"28 "закладчик" ұсталды, есірткі жарнамасы бар 302 сайтты бұғаттау үшін шара қолданылды, екі миллион теңгеден астам қаражатқа байланысты 173 банктік шот бұғатталды", - деп хабарлады елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жалпы, 2025 жылдың басынан бері Астанада есірткіге қатысты 276 дерек тіркелген.

778 интернет-ресурс бұғатталып, түрлі түрдегі 400 келіге жуық тыйым салынған зат айналымнан алынды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

"Заң мен тәртіп": Оралда есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті

Қазақстан колледждеріне құжат қабылдау мерзімі жарияланды: 140 мың грант бөлінген

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады