ҚР Азаматтық авиация комитеті Қазақстандағы авиарейстердің кешігу себептерін атады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева 2025 жылғы 19 тамызда Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Қазақстандағы рейстердің кешігу себептерін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Спикер рейстердің кешігуіне тұрақты түрде бақылау жүргізілетінін атап өтті.

"Жазғы кезеңде әдетте жолаушылар ағыны шамамен екі есеге дейін өседі. Сонымен қатар, өздеріңіз білесіздер, біз барлық қайта құру және жаңғырту жұмыстарын тек жазғы кезеңде жүргіземіз, өйткені климаттық жағдайлар солай талап етеді. Сол себепті осы уақытта аэродромдардағы барлық жұмыстар жүргізіледі, бұл да рейстердің кешігуіне әсер етуі мүмкін", – деді Салтанат Томпиева.

Оның айтуынша, рейстер кешігіп немесе кейінге қалдырылған жағдайда барлық жолаушылардың құқықтары ескеріледі.

"Егер авиакомпания жолаушының құқығын қамтамасыз етпесе: бір-екі сағаттан кейін – сусын, телефон қоңырауы; төрт сағаттан кейін – тамақ; 4–6 сағаттан кейін – қонақүй, трансфер және тағы басқалары берілуі тиіс. Бұл жағдайда әкімшілік айыппұлдар қолданылады. Сонымен қатар, заңнамаға көптеген қатаңдататын түзетулер енгіздік. Мысалы, авиакомпания кешігіп жатса және бұл туралы жолаушыға уақытында хабарламаса, оған да әкімшілік айыппұл салынады", – деді ол.

Салтанат Томпиева Қазақстанда ұшулардың тұрақтылық көрсеткіші ескерілетінін де атап өтті. Мысалы, бұл көрсеткіш бізде шамамен 76%-ды құрайды. Ал көршілес және шетелдік елдерде бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен.

Бұған дейін Қазақстанда әуедегі апаттан кейін жеңіл авиацияның ұшуы уақытша тоқтатылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды