Астанада балалар лагеріне жалған жолдама сатқан күдікті ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Елордада балалар лагеріне жалған жолдама сатқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді пайдаланып бірнеше алаяқтық жасаған 23 жастағы жігітті ұстады.

Алдын ала деректер бойынша, күдікті әлеуметтік желілердің бірінде Zhastar_camp деген атпен Бурабайдағы демалыс аймағында орналасқан балалар лагеріне жолдама сатып алуды ұсынып отырған. Ол клиенттерден алдын ала төлемді банк картасына аударуды талап етіп, кейін байланысқа шықпай кеткен.

Мәселен, елорда тұрғыны баласын жазғы демалысқа жібермек болып, күдіктінің есепшотына 120 мың теңге аударған. Ақша қолына тиген соң, алаяқ байланысын үзген.

Полиция азаматтарды ұсынылып отырған қызметтердің шынайылығын мұқият тексеруге үндеді.

"Бейтаныс адамдардың сенімділігі расталмайынша, ақша аудармаңыздар. Алаяқтық белгілерін байқасаңыздар, дереу полицияға жүгініңіздер", - делінген хабарламада.

Ұсталған азаматтың осындай 15-ке жуық қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі таңда оның тағы бір осындай құқық бұзушылыққа қатысы бар фактісі белгілі болды. Барлық тергеу амалының нәтижесі бойынша қылмыстық іс аясында тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс