Telegram-дағы есірткі дүкені жабылды: сот қандай шешім шығарды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қостанай қаласында сотпен әлеуметтік желілер арқылы есірткі сату ісі бойынша айыптау үкімі шығарылды. Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 25 тамызда ҚМА баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған қылмыстық істі тергеуді ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті жүргізген.

"Тергеу барысында бір топ адамның Telegram мессенджерінде "Thс Seller" атты наркошоп ашқаны анықталды. Осы ресурс арқылы 2 мыңнан астам клиент есірткі сатып алып, жалпы айналым 100 млн теңгеден асқан. Есірткі саудасынан түскен табысты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дропперлердің атына рәсімделген банктік карталар пайдаланылған",- делінген ақпаратта.

Тінту кезінде жалпы салмағы 30 келіден асатын марихуана мен гашиш тәркіленді.

"Сот үкімімен кінәлілер 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған табысқа сатып алынған екі автокөлік мемлекет меншігіне тәркіленді". ҚМА баспасөз қызметі

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Павлодар облысында шетелдіктер наубайшы болып заңсыз жұмыс істегенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді