Өскеменде әдемі видео үшін жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде Өскемендік автокөлік иесі көзге әсерлі көрініс түсіру мақсатында көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін алып, оның орнына өз тегі жазылған сәндік тақтайша орнатып, қала көшелеріне шыққан бейнежазба тарады. Полиция бейнеге қандай көзқарас білдірді. Толығырақ Zakon.kz.

Полиция аталған азаматшаны анықтап, көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ, ол қозғалыс барысында қауіпсіздік белдігін тақпағаны белгілі болып, бұл құқықбұзушылық үшін де жаза қолданылды.

"ШҚО Полиция департаменті мемлекеттік тіркеу нөмірлері заңда белгіленген тәртіппен орнатылуы тиіс екенін ескертеді. Оларды ауыстыру немесе жасыру – заңға қайшы әрекет. Ал қауіпсіздік белдігін қолданбау жол-көлік оқиғасы кезінде ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін Астанада жалған нөмірмен көлік басқарған жүргізуші ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео