Қазақстанның ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Бүгін, 2025 жылғы 27 тамызда Қазақстанда жаңа ұлттық экономика вице-министрі тағайындалғаны белгілі болды. Бұл қызметке Ерлан Сағынаев келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Ермекұлы Сағынаев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды", - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ерлан Сағынаев 1978 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Солтүстік Қазақстан заң академиясын және Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінде бастаған.

Әр жылдары ауданның Салық комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық департаменттері мен орталық аппараттарындағы салалық басқармалар басшысы қызметтерін атқарды.

2008–2021 жылдары Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстары бойынша салық департаменттері басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды