Алматыда Конституция күні қалай аталып өтеді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
30 тамыз 2025 жылы Алматыдағы Абай алаңында Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтеді.

Ресми бөлім 18:00-де Мемлекеттік Туды шығарып, Әнұранды орындаумен басталады.

Көрермендер үшін 200-ден астам артист қатысатын театрландырылған қойылым ұсынылады. Онда еңбек адамдарының бейнесі, әскери қызметкерлер мен мемлекеттік Туды алып шығатын топтар көрініс табады. Музыкалық сүйемелдеуді опера және эстрада әншілері Мемлекеттік хор капелласымен бірге орындайды.

Сахнаға Роза Рымбаева, Тамара Асар, Жанар Айжанова, Айгүл Қосанова, IL Canto квартеті, "МузАрт Life" тобы, Әли Оқапов, Temirlan & Yernat, Зарина Алтынбаева, Рүстем Нұржігіт, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Ерназар Жұбан, "Сазген сазы" этноансамблі және AL Jazz Symphony эстрадалық-симфониялық оркестрі шығады.

Мереке ашық аспан астындағы спектакльмен жалғасады. 19:00-де Республика сарайының алдында аңызға айналған Асанәлі Әшімов негізін қалаған "Жаңа ғасыр" театры "Алматы – махаббатым" атты музыкалық қойылымды сахналайды.

20:00-де осы алаңда "Алматы әуендері" концерті өтеді. Онда Саят Нұрғазин, Абик Жексен, Kyle Ruh, Інжу Ануарбек, Димаш Дәулетов, Бейбітгүл Нұрымқожина, "Арқайым" дуэті, Елдар Омаров, Тахмина Ашимбекова, Дәурен Байбөрі, Дәлел Уәшев және ASU фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетеді.

Open-air концерттің хедлайнерлері – Yenlik пен Қайрат Нұртас. Бағдарлама 22:00-де аяқталады.

Сонымен қатар, 27–29 тамыз күндері қала аудандарында концерттер, конференциялар және мәдени бағдарламалар өтеді:

Сонымен бірге, 29 тамыз күні сағат 11:00-де Достық үйінде мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес өкілдері, тарихшылар мен сарапшылардың қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды