Алматының Алатау ауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңы ашылды

Фото: Zakon.kz
Нұркент шағынауданында заманауи балалар ойын алаңын абаттандыру аяқталды.

Жоба "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында Алатау ауданы әкімінің аппараты мен "EL-KZ 2020" ЖШС мердігерлік ұйымының бірлескен күшімен жүзеге асырылды.

Негізгі мақсат – тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы демалыс пен спорт алаңын қалыптастыру.

Алаңда ойын кешендері, спорттық тренажерлер, воркаут-аймақ, әткеншектер мен орындықтар орнатылды. Балалардың қауіпсіздігі үшін жұмсақ тартан жабыны төселіп, жаңа жарық шамдары қойылды. Сондай-ақ демалуға арналған бөлек аймақ жабдықталды.

Қазіргі таңда нысан толық дайын және тұрғындардың пайдалануына ашық. Жергілікті тұрғындар жаңа алаңның отбасылық демалыс орнына айналғанын атап өтуде.


"Ойын алаңы өте әдемі және қолайлы. Балалардың қуанышы ерекше – ойнайды, жүгіріп, әткеншек тебеді. Алдағы уақытта осындай заманауи демалыс орындары ауданда көбейе берсін", – деді "Нұркент" шағынауданының тұрғыны.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады