Талғат Мұратов Семей әкімі қызметінен мерзімінен бұрын кетті

Сурет: gov.kz
Семейде қала әкімі Талғат Мұратовтың өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті өкімді 18 тамызда Абай облысының әкімі қабылдаған. Алайда бұл туралы тек қазір – қала аумақтық сайлау комиссиясының жаңа сайлау өткізу жөніндегі қаулысы жарияланғаннан кейін белгілі болды.

"Семей қаласының әкімі сайлауын 2025 жылғы 12 қазанда өткізуге дайындық пен оны ұйымдастырудың негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекіту", - делінген құжатта.

Кандидаттарды тіркеу 16 қыркүйекте аяқталады. Сол күні үміткерлердің толық тізімі жарияланады.

БАҚ-тың жазуынша, бұрынғы әкім қызметінен өз еркімен кету туралы өтініш жазған. Сәуір айының соңынан бастап ол еңбек демалысында болған, ал әкімнің міндетін орынбасары Бекжан Бапышев атқарып жүр.

Талғат Мұратов Қазақ архитектура-құрылыс академиясын "бағалау сарапшысы" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы – Қазақ инновациялық университетін, 2018 жылы – Қазақ көлік және коммуникация университетін бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Семейдегі "Стройдеталь" ЖШС-нің атқарушы директоры болып бастаған. 2012–2014 жылдары Өскеменде "Шығыс Самғау" ЖШС бас директорының орынбасары қызметін атқарған.

2014-2016 жылдары Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінде еңбек етті. 2016-2018 жылдары Жарма аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы болды. 2018 жылдан бастап Жарма ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі