QazPost пен YTO: ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

Сурет: "Қазпошта" АҚ
Бейжіңдегі кездесу аясында "Қазпошта" АҚ Басқарма Төрағасы Бекежан Жәкеев пен YTO Express Group Басқарма Төрағасы Ю Вейдзяо мырза серіктестікті тереңдетуге стратегиялық мүдделі екендіктерін растады.

Өткізілген келіссөздерден кейін Қытайдың ірі логистикалық компанияларының бірі, жаһандық логистикалық нарықтағы жетекші ойыншы – YTO Express Group басшысы QazPost-пен бірлесіп Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту мен кеңейтуге белсенді қатысуға және екіжақты жобаларды іске асыруға дайын екенін растады.

Кездесуде тараптар "QazPost – YTO" бірлескен кәсіпорнын дамыту, Орталық Азияға шығу бойынша YTO Express стратегиясын іске асыру және халықаралық транзиттік бағыттарды кеңейту мәселелерін талқылады.

YTO Express Group Басқарма Төрағасы Ю Вейдзяо мырза "Қазақстан YTO Express Group жаһандық стратегиясының негізгі буыны ретінде танылғанын, бұл ел экономикасына ауқымды қытайлық инвестицияларға жол ашатынын" атап өтті.

Сурет: "Қазпошта" АҚ

Мысалы, "Қазпошта" АҚ Орталық Азияны Еуропамен және басқа да өңірлермен байланыстыратын орталық логистикалық платформаға айналатын Almaty Sky Hub флагмандық жобасын іске асыруға қатысады, ал "QazPost – YTO" бірлескен кәсіпорнының басшылығы 2025 жылдың соңына дейін көлемді екі есе арттыруға, цифрлық интеграцияны күшейтуге және инфрақұрылымды дамытуға дайын екенін мәлімдеді.

"Жоғары инвестициялық әлеуетінің арқасында Қазақстан өңірдің жетекші логистикалық хабы ретінде беки түсуде. Біздің YTO Express-пен серіктестігіміз ұлттық логистикалық инфрақұрылымды нығайтып қана қоймай, электронды сауданы масштабтаудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті "Қазпошта" АҚ Басқарма Төрағасы Бекежан Жәкеев.

YTO Express Group компаниясы туралы:

YTO Express – жедел жеткізу, мультимодальды тасымалдау және цифрлық логистикалық шешімдер қызметтерін ұсынатын Қытайдағы ірі логистикалық компаниялардың бірі. ҚХР-дың ТОП-5 экспресс-операторларының қатарына кіреді және халықаралық экспансияны белсенді дамытуда.

Сурет: "Қазпошта" АҚ

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі