Журналистердің осы мәселеге байланысты қойған сұрағына жауап бере отырып, ол:
"Заң бәріне ортақ. Азаматтар тарапынан мұндай заңбұзушылыққа жол берілмейді. Жаппай ұстау болмайды – бұл адамның конституциялық құқықтарын бұзу болып саналады. Жалпы, мемлекет бұл іске мектеп қабырғасынан бастап кірісіп жатыр: бастапқы әскери дайындық және басқа да іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бірақ жаппай ұстауға жол берілмейді. Біз көктемгі шақырылымға қатысты тапсырмаларды алдық және сол кезде де жоғары оқу орындары мен колледж түлектерін мәжбүрлеп әкеткен жоқпыз – оларды шақырмадық. Біз тек өз еркімен келіскендерді шақырамыз", – деді Фархат Айдарбаев.
Ол биыл жергілікті атқарушы органдарға жастарды көшеде немесе басқа да қоғамдық орындарда мәжбүрлеп ұстауға тыйым салынғанын ерекше атап өтті:
"Бұл – министр мен Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығы. Бізде бұйрықтарды талқыланбайды", – деп түйіндеді ол.
Сондай-ақ, спикер биыл SMS-хабарлама арқылы шақыртулар тарататын жүйе енгізілгенін еске салып өтті. Бұл хабарламалар 16 қыркүйектен бастап жіберіледі.
Бұған дейін әскери қызметшілерге төлем жасау ережелері өзгергендігі хабарланған болатын.