Қорғаныс министрлігі күзгі шақырылымның жаңашылдықтары туралы айтып берді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-мобилизациялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев ОКҚ алаңында күзгі әскерге шақырылымға қатысты енгізілген жаңалықтар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол 16 шілдеде Мемлекет басшысы әскери-патриоттық тәрбие туралы заңға қол қойғанын еске салды. Аталған заңға сәйкес, SMS-хабарламалар арқылы шақырту жіберу әскерге шақырылушыларды ресми түрде хабардар етудің заңды тәсілі ретінде танылды.

"Осыған байланысты шақыртылуы тиіс азаматтарға хабарлау мынадай жолдармен жүзеге асырылады. Біріншісі – электронды шақыру қағазының мәтіндік хабарлама түрінде ұялы байланыс абоненттік нөміріне жіберілуі немесе "электрондық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинет арқылы жолдануы. Хабарлама азаматтың келуі тиіс күннен кемінде үш күн бұрын жіберіледі", – деді Фархат Айдарбаев.

Екінші жол – егер азаматтың ұялы нөмірі туралы ақпарат болмаса немесе ол eGov порталында тіркелмеген болса, қағаз түріндегі шақыру қағазы жеке жеткізіледі, пошта арқылы жолданады немесе тұрақты/уақытша тіркелген мекенжайы бойынша не жұмыс орнында табысталады.

Шақырту азаматтың қолына табысталып, қол қойылады. Бұл жұмысты жергілікті әскери басқару органдарының уәкілетті өкілдері, ұйым басшысы немесе пошта курьері орындай алады.

Үшінші – егер азамат қағаз түріндегі шақыруды алудан бас тартса, оны табыстаушы тұлға бұл туралы арнайы белгі қояды, содан кейін құжат жергілікті әскери басқару органына қайтарылады.

Бұл жағдайда азамат тиісті түрде хабарланған болып есептеледі.

"Төртінші – қажет болған жағдайда шақырту жергілікті әскери басқару органының өзінде де табысталуы мүмкін, бұл кезде келу күні келесі күннен кешіктірілмей белгіленеді", – деп толықтырды Айдарбаев.

Азамат мынадай жағдайларда хабардар етілген деп танылады:

Бұған дейін әскери қызметшілерге төлем жасау ережелері өзгергенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты