Павлодар облысында электр есептегіш пен аспалы шамдағы қысқа тұйықталу оқушаларды шошытты

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 2 қыркүйекте Павлодар облысының өрт сөндірушілері мектептерде болған қысқа тұйықталу туралы хабарламалар бойынша екі рет шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, алғашқы хабарлама сағат 13:50-де Атамекен ауылындағы №33 орта мектептің асханасында электр есептегіштің жану қаупі туралы түскен.

"Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілердің тексеруі барысында электр есептегіште қысқа тұйықталу болғаны анықталды, бірақ өрт шықпаған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін ғимараттан 461 адам, оның ішінде 421 оқушы өздігінен эвакуацияланды", - деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті.

Сағат 14:34-те өрт сөндірушілер тағы да дабыл бойынша шықты. Бұл жолы Баянауыл ауданындағы №3 орта мектепте аспалы шамда қысқа тұйықталу болған.

"Оқиға орнында тексеру барысында жарықдиодты шамда сымдардың қысқа тұйықталуы болып, пластикалық қаптамасы еріп кеткені анықталды. Өздігінен 101 адам, оның ішінде 91 оқушы эвакуацияланды", - делінген ведомство хабарламасында.

Екі жағдайда да зардап шеккендер жоқ. ТЖД қызметкерлері ғимараттарды толық тексеріп, желдету жұмыстарын жүргізді.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда оқу жылының алғашқы күнінде лицей-интернаттан өрт шығып, балалар эвакуациялағанын хабарлаған едік.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған