Орал тұрғыны өзіне қол салмақ болды

Фото: Zakon.kz
4 қыркүйекте сағат 00:15 шамасында Орал қаласының полициясына көпқабатты үйдің төбесінде белгісіз адамның отырғаны жөнінде хабарлама түсті.

Жедел қызметтер дереу оқиға орнына аттанды. Алғашқылардың бірі болып жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – взвод командирі Дамир Казиханов, инспекторлар Нұрсұлтан Джанабаев пен Ерлік Ерсайынов бірден төбеге көтерілді.

Олар азаматпен тіл табысып, сенімге кіре отырып жағдайды бақылауға алды. Кейіннен оқиға орнына оның әкесі де келді.

Жақындарының қолдауы мен полиция қызметкерлерінің кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды.

Азамат қауіпсіз жерге түсіріліп, оған медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ол ата-анасына тапсырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады