Қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен бара алады

Фото: Zakon.kz
Енді қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен бара алады. Паспорттың қажеті болмайды.

Яғни Арменияға барғыңыз келсе, жеке куәлігіңіз ғана қажет. Қазақстан мен Армения азаматтарына осындай мүмкіндік туды.

Бүгін Мәжіліс депутаттары осы келісімді ратификациялады. Сондай-ақ екі елде жүру мерзімі ұзартылды. Бұған дейін 30 күн тұрақтауға рұқсат берілетін.

Енді 90 күн жүруге болады, деп жазады qazaqstan.tv.

Құжатты ратификациялау екі ел азаматтарының бір-бірінің аумағында болуына қолайлы жағдай жасап, екіжақты ынтымақтастықты нығайтады, – дейді депутаттар.

"Қазір екі ел тек ғана өздерінің жеке куәліктерімен жүре алады. Содан кейін мерзімі ұзарды. Бұған дейін азаматтар 30 күнде тіркеліп, рәсімдерін өткізу керек болатын. Қазір 30 күнге дейін ешқандай рәсімдеу керек емес. 30 күннен кейін рәсімдейді. Және 90 күннің ішінде елде жүре алады. Осындай ратификация Ресей мен Қырғызстан арасында болды. Қазір Армения елі қосылды." Максим Рожин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Армения
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді