Емхананы онлайн түрде ауыстыруға болады: қазақстандықтарға екі ай уақыт берілді

Фото: Zakon.kz
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін Қазақстанда медициналық ұйымдарға тіркеу науқаны өтетіндігін еске салады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы екі ай кезеңде азаматтар өз поликлиникасын ауыстыруға мүмкіндік алады.

Мамандар бұл рәсімді толықтай онлайн режимде – eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы, медициналық ұйымға бармай-ақ орындауға болатынын атап өтті.

Аталмыш қызмет поликлиникаға тіркеліп, учаскелік дәрігерді таңдауға мүмкіндік беретіндігі белгілі болды.

"Таңдалған дәрігерге сәйкес медициналық қызмет көрсету аумағы жүйеде автоматты түрде көрсетіледі. Науқан қорытындылары келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді", деп мәлімдеді ведомство.

Алдыңғы ұйымнан тіркеуден шығару жаңа өтінім расталғаннан кейін автоматты түрде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, науқаннан тыс уақытта да поликлиниканы ауыстыруға болады. Бұл басқа елді мекенге қоныс аударғанда, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырғанда, сондай-ақ поликлиника қайта ұйымдастырылған немесе жабылған жағдайда мүмкін. Мұндай жағдайда қызметті жылына бір рет қолдануға болады.

Қызметті eGov Mobile қосымшасында пайдалану үшін:

Бұған дейін Қарағанды облысында жұмысшы мамандығына сұраныс артқанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты